Коронавирус салдарынан бір ел жойылып кетуі мүмкін

Oinet.kz 22-05-2020 2725

БҰҰ-ның есептеуінше, Йеменде кемінде 24 миллион адамға гуманитарлық көмек қажет.

e898ecebffecda7594348ba1bcde2993.jpg

БҰҰ-да Йемен мемлекеті коронавирус індетін жеңе алмауы, тіпті, мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатуы мүмкін екендігі ескертілді. Федералдық Жаңалықтар агенттігі хабарлағандай, бұл туралы Йемендегі Босқындар істері жөніндегі БҰҰ агенттігінің басшысы Жан-Николя Бозе мәлімдеген.

Йемендегі вирус жұқтырғандар саны қарқынды өсіп келеді, ал, дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылардың жетіспеушілігі қатты біліне бастаған. Бұл елде індет жұқтырғандардың нақты санын шығару мүмкін емес, себебі, оны анықтайтын тест жеткіліксіз, - деді Бозе.

Пандемияны есепке алмаған күннің өзінде елдің жағдайы мүшкіл. БҰҰ-ның есептеуінше, Йеменде кемінде 24 миллион адамға гуманитарлық көмек қажет. Мемлекет аумағында осымен бесінші жыл қатарынан азаматтық соғыс болып жатыр. Оның салдарынан елдегі ауруханалардың дені қираған.

Йемен әлем картасынан жойылады. Жағдай шынымен күрделі, - дейді медициналық инженер Луай Таха аль-Махбаши.

Қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 5 миллионға жақындап келеді, 4,89 миллионнан астам адамнан вирус жұқтыру жағдайы тіркелген. Індеттен 320 мыңнан астам адам қаза тауып, 1,9 миллион адам сауығып кетті.

Жамбылда шопанның үйінен екі әйелдің денесі табылды
Атырауда жоғалған 1,5 жасар бала табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу