«Қазақстан Азаматтығынан бас тартамын!» - Балғынбек Имашев

Oinet.kz 15-05-2020 14424

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартатындығын жеткізді. Сондай-ақ, ақын балаларға екпе егуге қарсы екендігін ашықтан ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Балғынбек Имашев коронавирусты грипптің бір түріне тағылған айдар деп есептейтіндігін және әлемді дүрліктіріп Пандемия деп жариялаудың негізгі мақсаты Вакцинация жасау екендігін жеткізді. 

- Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!

Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады! Әншейін ғана гриптің бір түріне COVID-19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын, - дейді айтыскер. 

Сондай-ақ, ақын коронавирус деген айдардың негізгі көздеген мақсатын тізіп берді.

- Әлемді үрейлендіру! Әлемді кедейлендіру! Әлемді басқару!  Әлемді вакцинациялау! Әлемді құл қылу! Жоқ, маскалы мырзалар!!! Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз! Бізге Ризықты Алла береді! Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады!  Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз! Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз! - дейді Балғынбек Имашев. 

Сонымен қатар, екпе салдырған бала мен салдырмаған баланың айырмашылығын айта отырып, екпе салдырпағандарды ешкім мәжбүрлей алмайтындығын да қоса айтты.

- Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым! Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар! Менің балаларым - менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды! Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын! - дейді ашуға булыққан ақын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды! Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады! Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын. * Әлемді үрейлендіру! * Әлемді кедейлендіру! * Әлемді басқару! * Әлемді вакцинациялау! * Әлемді құл қылу! Жоқ, маскалы мырзалар!!! * Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз! * Бізге Ризықты Алла береді! * Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады! * Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз! * Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз! Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым! Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар! Менің балаларым - менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды! Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын! @tokayev_online

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Коронавирустың кесірінен әйелдерде бедеулік болуы мүмкін
«Тату отбасы» байқауында 1 жасар бүлдіршін жеңімпаз атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу