Коронавирус пандемиясының екінші, үшінші толқыны болуы мүмкін - ғалымдар

Oinet.kz 06-05-2020 1361

Роберт Кох атындағы институт коронавирус пандемиясының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_66851.jpeg

Ұйым басшысы Лотар Вилердің сөзінше, вирус тұрғындардың 60-70 пайызы ауырып шықпайынша тоқтамауы мүмкін. 

"Бізге екінші толқыны болатыны белгілі", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол кейбір ғалымдар әлі үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқанын хабарлады. Вилердің сөзінше, арақашықтықты сақтау күнделікті өмірде қалыпты әрекетке айналу керек. 

Еске салайық, 6 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,7 миллионнан асып, 258 338 адам қайтыс болды. Сондай-ақ 1,2 миллионнан аса адам айығып шықты. 

Желіде Сардоба бөгетінің жарылу сәтінің видеосы пайда болды
Тоқаев Кәрім Мәсімовке арнаулы атақ берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу