Ресейлік дәрігер коронавирустан да қауіпті эпидемия болатынын айтты

Oinet.kz 28-04-2020 1244

Ресейлік дәрігер Александр Мясников "Спасибо, доктор" бағдарламасында "Соловьев LIVE" YouTube-арнасында адамзатты жаңа, қауіпті эпидемия күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

image.png

Дәрігер коронавирус пандемиясы одан кейінгі жағдайларға дайындалуға мүмкіндік беретінін айтты. 

- "Басқа эпидемия болады, міндетті түрде... Барлығымыз 30-35 пайыз адам өлімі болатын қауіпті эпидемияны күтіп отырмыз", - деді Мясников. 

Одан бөлек, Мясников қазір ең қауіпті жер аурухана екенін айтады. Дәрігердің сөзінше, ауруханада коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары. 

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзі бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 3 002 303-ке жетіп, қайтыс болғандардың саны 208 мыңнан асқан. 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандардың саны - 2 858 635, ал қайтыс болғандардың саны - 196 295 адам. 

Instagram қайтыс болған адамдардың профильдерін белгілейді
Бұйрабекова вирус жұқтырған ақ халаттылардың жағдайы туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу