Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Oinet.kz 22-04-2020 633

ҚАУЛЫ

 

Шымкент қаласы


ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

город Шымкент

                                                                                                                                                                                                          22 .04. 2020ж.                                                                          №12


Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 306 Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №34-ПГВр қаулысына, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің  2020 жылғы 20 сәуірдегі №23-02-03/513 хатына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.                Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 9 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) № 1 косымшасы келесі тармақпен толықтырылсын: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйымның әділет органдарында тіркелген жағдайда)»;

2) № 2 қосымшаның 2.19. тармағы мынадай редакцияда жазылсын:                         «көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде  және олардың көліктері»;

3) № 3 қосымшасы келесі тармақпен толықтырылсын: «21. «Казтелерадио» АҚ»;

2. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

3. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                             А. Тулебаев

Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды (видео)
Коронавирус: Елімізде тағы 56 адам тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу