62 мыңнан астам адамның коммуналдық төлемі төленді

Oinet.kz 20-04-2020 1634

Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқарма басшысы Әсет Масабаев брифинг барысында айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасаған Oinet.kz. 

e4031f3bba4f9fb96b5cf71ad898a89e.jpeg

Оның айтуынша, төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ҚР Индустрия министрлігі коммуналдық меншікті өтеу бойынша ереже бекеткен. Осыған сәйкес әлеуметтік әл-ауқаты төмен тұрғындар белгіленген. 

- Бұл І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, қызмет барысында қаза тапқандардың отбасылары, ең төменгі деңгейде зейнетақы алатындар, Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер бар,-дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол аталға санатқа кіретін адамдардың тізімін қалалық  Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы әзірлеген және тізімге енгізілген барлық тұтынушылар көмек алуға құқылы.

- Алматы қаласы бойынша бұл тізімде қазір 62 455 адам бар, олардың 22 мыңға жуығы жеке есеп шоттарға ие. Олардың коммуналдық меншігін өтеуге Республикадан әр дербес шотқа 15 мың теңгеден екі айға қаржы бөлінеді, яғни сәуір, мамыр айларына. Бір айта кетерлігі сәуір айының өтеуі  мамыр айында, ал мамыр айынікі маусым айында келеді,-дейді Масабаев. 

Сонымен қатар, ол бұл төлемді алу үшін сәрсенбі күннен бастап 341-07-77 колл-орталығы жұмысын бастайтынын айтты. Оған хабарласқанда сізден ЖСН, дербес шотыңыз және аты-жөніңізді сұрайды. Егер айтылып отырған санатқа жататыныңыз расталса сіздің екі айлық коммуналдық төлеміңіз өтеледі. 

- Бұл қаржының барлығы Энергетика басқармасында болады. Төленетін жағдайда коммуналдық мекемелердің дербес шоттарына келіп түседі. Бұдан бөлек, тұтынушы коммуналдық қызметтерді төлеген жағдайда, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртекте 15 мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есепті кезеңге есептеу жолымен қайта есептеуді жүргізеді және тұтынушыны төлемді есепке алу туралы хабардар етеді,-деді ол. 

Айта кетейік, Тұрғын үй заңының 2-бабына сәйкес коммуналдық төлемдер – су, жылу, газ, электр энергиясы, қоқыс шығару және лифт үшін төленеді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тіркелді
«Жалақысыз қалдық, отбасымыздан ажырадық»: карантинге жіберілген дәрігерлер үндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу