«Алтайды мумия коронавирустан қорғап отыр» - депутат

Oinet.kz 17-04-2020 1337

Алтай Республикасы осыған дейін Ресейде ресми түрде коронавирус тіркелмеген жалғыз аймақ болып келді. Алтайдың мемлекеттік жиын мүшесі Ержанат Бегенов мұның мәнін "Подъем" басылымына берген сұхбатында түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: Алтай таулары. ©РИА Новости

Депутаттың айтуынша, аймақ билігі оқшаулау режимін уақытылы енгізген. Бірақ, ең бастысы, алтайлықтарды "Укока ханшайым" қорғайды.

- "Бізді қорғайтын күш бар. Алтайлықтар оны қатты құрметтейді, пір тұтады. Оны Новосібірге алып кеткенде бізде жер сілкінді, мұның бәрі сонымен байланысты болған деседі, оған тиіспеу керек еді", - деп түсіндірді Бегенов.

Алтайдың байырғы тұрғындарды жас әйелдің мумиясын "Укока ханшайым" деп атайды. Ол 1995 жылы Ак-Алахтың (б.з.д. V-III ғ.ғ.) қорымын қазғанда табылды. Укока ханшайым жерге жауыздықты кіргізбей, жерасты әлемнің қақпасын қарауылдаған деген түсінік бар.

Тыбалғаннан бастап 2012 жылға дейін мумия Новосібірдегі археология институтының музейінде сақталды. Бұған алтайлықтар наразы болады. Содан соң 2012 жылы жәдігер Таулы-Алтайдағы Анохин атындағы ұлттық музейге берілді.

17 сәуірдегі мәліметтерге қарағанда Ресейде 27 938 адам коронавирус жұқтырған. 2 304 адам жазылды, 232 адам қайтыс болды. 

Дина Төлепберген жастықпен суретке түскен алматылық полицейге қолдау білдірді
Коронавирустан жүз мыңдаған бала қайтыс болуы мүмкін - БҰҰ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу