Нұрымбетов 42 500 мың теңге алғандарды соттайды екен деген әңгімеге жауап берді

Oinet.kz 17-04-2020 998

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемді заңды жолмен алғандарды ешкім сотқа сүйремейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

image.png

Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Нұрымбетов көптеген заңгер алаяқтық жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы мақала, жазба жариялап жатқанын жасырған жоқ. Оны 42500 теңгемен байланыстырған

. "Заңгерлер болған соң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты. Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз.

Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз бе? Ондай болса - Сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар", - деді Нұрымбетов.  Министр бұл әңгіменің қайдан шыққанын айтып берді. 

"Соңғы брифингте, бір жүрналист маған - мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады. Мен оған біз өтініш беру тәртібін халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайым етіп жасадық, жұмыс беруші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсеткен, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым. Брифингті көргендер растайтын шығар?", - деді министр. Нұрымбетов ешкім өтінім берген халықтың үйін аралап тексермейтінін де жасырмады.    

"Халық 42500-ге өтінішін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмаса да, басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сол себепті біз қарапайым, таза халықты артынан тексеріп жатпаймыз", - деп сөзін қорытындылады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. 

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды. 

О внесении изменений в постановление Главного государственного санитарного врача города Шымкент
«Әйелдер күйеуін қайтару үшін келеді»: Карма заңын зерттейтін маман құпиясымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу