Түркістанда кәмелеттік жасқа толмаған қызды миллион теңгеге сатпақ болған

Oinet.kz 16-04-2020 1144

Түркістан облысында белгісіз біреулер кәмелетке толмаған қызды интим қызмет көрсетсін деп ер адамдарға миллион теңгеге сатып жібермек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

13 сәуірде Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасына бір әйелдің кәмелетке толмаған қызды сатып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полицейлердің мәліметінше, бұл жағдай сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестірне тіркелді.

Күдікті әйел сол күні Сайрам ауданындағы қонақүйлердің бірінде ұсталған. Оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол студент қызды сатпақ болған.

Белгілі тележүргізуші коронавирусты ең жақсы вирус деп атады
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу