Бекзат Саттарханов тірі болғанда бүгін 40-ға келер еді
Бүгін – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиаданың бокстан чемпионы Бекзат Саттарханов Сейілханұлының дүниеге келген күні.
Осыдан 40 жыл бұрын дүниеге келіп, Алашты әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес.
Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте білім алды. Бұдан соң, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университінің заң факультетін бітірді.
1995 жылы15 жасында Түркістан қаласында өткен З.Сейітбековты еске алу турнирінде алғаш рет топ жарды.
1996 жылыҚостанайда өткен бокстан жастар арасындағы жарыста Қазақстан чемпионы атанады.
1997 жылыҚарағанды және Кельн (Германия) қалаларында өткен халықаралық турнирде жеңіске жетеді.1998 жылыбокстан Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болады.