Коронавирустың әсерінен озон қабатындағы жыртық жамалуда

Oinet.kz 30-03-2020 2480

Ғарыштық зерттеулер озон қабатының жыртығы жамала бастаған жайлы хабар таратуда. Халықаралық ғылыми журнал «Nature» басылымының жазуына қарағанда, бұл жағдайға коронавирустың таралуы әскер еткен, деп хабарлайды egemen.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

2020_03_28_32099d0205678bd5d03cebc555df7e04.jpg

Өйткені, әлем экологиясының бұзылуына әсер етуші Индия, АҚШ, Қытай және Еупопа елдерінде оқшаулану басталып, ауыр өндірістер жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауаның ластануы 60-65 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, аспанды ақ түтінге толтырып, ластап ұшатын үлкен ұшақтардың да әуе жолдарын ластауы біршама азайды.

Колорадо штаты университетінің ғалымдары, сондай-ақ аспан қабатын зерттеуші Антара  Банержий: «Бұған дейін Антарктиданың ауа қабатында пайда болған озон үңгірі адамзат үшін ең үлкен қатер саналатын. Осы қауіп дәл қазір өзінен өзі сейіле бастады. Тіпті озон үңгірі екі есеге жуық кішірейді. Бұл – өндірістегі экологиялық әсердің азаюынан» депті.

Коронавирус жұқтырған 7 науқас ауыр хәлде жатыр
Жанат Тәжиева Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болып тағайындалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу