Адамдар бір-бірінен қандай қашықта тұрса вирус жұқпайды?

Oinet.kz 18-03-2020 1062

Жапониялық дәрігер, эпидемиолог Сато Акихиро адамдар қандай қашықта болғанда коронавирустың қаупі жоғары болатынын айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


© REUTERS

Дәрігердің айтуынша, бес мыңнан аса адам шоғырланатын іс-шараларға тыйым салудың пайдасы жоқ. Іс-шара ашық алаңда өтсе де, ғимаратта өтсе де оның еш айырмашылығы жоқ дейді.

"Мұнда мәселе адамдардың саны емес, іс-шара болып жатқан кезде жиналғандардың бір-бірінен қандай қашықта тұрғанында. Сондықтан адамдардың санына шектеу қоюдың еш мәні жоқ. Мысалы, ондаған мың адам жиналды делік, бірақ олар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықта тұрады және бұл іс-шара далада өтіп жатыр. Олар бір-бірімен мүлде сөйлеспейді. Дәл осы жағдайда ешкімге қауіп төнбейді. Ал бірақ егер бір топ адам ғимаратта жиналып және олар бір-бірінен 30 сантиметрден аса қашықта тұрып әңгімелессе, бұл өте қауіпті. Олай істеуге болмайды", - дейді Сато Акихиро.

Эпидемиолог 100 адам болсын, 5000 адам болсын - олар қашықты сақтамаса, ешқандай айырмашылық жоқ дейді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, әлем халқының 60-70 пайызы коронавирус жұқтырады деген болжам болмайды.

Дезинфекциялау жұмыстары әр айналым сайын жасалуда
Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу