Ғалымдар коронавирустың белгілері кімдерде байқалмайтынын айтты

Oinet.kz 17-03-2020 1593

Қытайлық ғалымдар кімдерде коронавирустың белгілері аса байқалмайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_64839.jpeg

Ғалымдардың айтуынша, көбіне балаларда коронавирустың белгілері аса байқалмайды, сондықтан да олар вирус тасымалдаушы болып жүреді.

Гуанчжоудағы балалар орталығының мамандарды 2 мен 15 жасқа дейінгі 745 балаға зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысы 10 баланың коронавирус жұқтырғанын көрсеткен. Алайда оларда вирустың ешқандай белгілері байқалмаған - жөтел, дене қызуы, тыныс алудың қиындауы.

Бұл, ғалымдардың айтуынша, коронавирус жұқтыру қаупі жоғары ересектер үшін өте қауіпті.

Сондай-ақ, балалардың бұл вируспен ұзақ уақыт жүретіні айтылады.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирустық инфекцияның тағы үш жаңа дерегі тіркелді
Коронавирусқа байланысты «Азан» мәтініне өзгеріс енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу