Коронавирус: Бүкіл әлем бойынша жұқтырған адамдар саны 153 мың 517-ге жетті

Oinet.kz 16-03-2020 849

Соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 10 982 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 343 адам қайтыс болды. Жаңартылған деректерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

1dcb9c1-fd969b5-------.jpg

Осылайша, бүкіл әлем бойынша жұқтырғандардың саны 153 517 адамға жетті, өлім жағдайларының жалпы саны 5375 құрады. Аспан асты елінен тыс жерде инфекцияның расталған жағдайларының жалпы саны - 72 469, 2531 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған дейін Қытайдан таралған COVID-19 инфекциясын пандемия деп жариялаған болатын. Коронавирус аурулары 140-тан астам елде анықталған.

Тоқаев төтенше жағдай жариялады
Еліміздегі ірі сауда орталықтары 10-нан 18:00-ге дейін жұмыс істеуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу