Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алматы облысында ауыл округінің дауға қалған әкімі өз іс-әрекеті үшін кешірім сұрап, отставкаға кетті. Жуырда Болат Жасыбаев ауылдастарына бейәдеп сөздер жаудырған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде кеше пайда болды. Кадрдан округ әкімінің бірнеше ер адаммен су құбырының бұзылғаны жайлы сөйлесіп тұрған кезде олардың біреуінен дөрекі түрде аузын жабуын сұраған.
Кейінірек әкім видеоүндеу жариялады. Ол жерде шенеунік әрекеті үшін кешірім сұрап, әкім лауазымында сегіз жыл қызмет еткеннен кейін отаставкаға кетуге шешім қабылдағанын мәлдімдеді.
Жасыбаев неліктен өзін ұстай алмай қалғанын түсіндірді. Оның айтуынша, ол су жіберу мәселесін күні бойы жүріп шешуге тырысқан, сол үшін демалмай, тіпті, ұйықтамаған.
Әкімнің сөзінше, күйзеліс жағдайының салдарынан ол ашуға булыққан.
Ол ауылдастарынан кешірім сұрап, қызметтен кетуге шешім қабылдағанын сөз етті.
Сөз соңында Жасыбаев барлығына денсаулық тіледі.
Видеоны Instagram-дағы taldykorganec.insta парақшасы жариялады.
Өңір әкімінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz басылымына Жасыбаевты қызметінен босату туралы үкім шығарылғаны хабарланды.