Түркия депутаттары жаппай жаға тартысты
Түркия парламентінде Сириядағы Идлиб провинциясында болған оқиғаларды талқылау кезінде депутаттар жаппай жаға жартысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.
Оппозициялық фракциялардың бірінің басшысы президент Реджеп Тайып Ердоған туралы жағымсыз пікір айтқаннан кейін жанжал басталған.
Кадрларда көрсетілгендей, ондаған депутат шу көтеріп, қарсы тарапқа бас салыпты.
Ердоғанның халықаралық аренадағы, ең бастысы, Сирия бойынша жүргізген саясатына қатысты айтылған сын президентті жақтаушылардың шамына тисе керек.
Төбелес кезінде депутаттар бірін-бірі сүйрелеп, еденге құлатып, орындық лақтырған.