Қалыңмалға 3 млн. теңге берген боксшы елді шулатты

Oinet.kz 05-03-2020 2861

Жастар арасында WBC дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сұлтан Заурбек сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, барынша тойдың қамына кірісіп кеткен. Күні кеше спортшының отбасы қазақы дәстүрге сай болашақ келінге сырға тағып, қалыңмалын табыстап қайтқан. Бұл тұрғыда күйеужігіт асқан жомарттық танытып, жарының қалыңмалына үш миллион теңге тарту етті. Қомақты қаржыны қалыңдықтың ата-анасына табыстау сәтінің видеосы тез арада тарап, желіні шулатуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

image.png

Белгілі болғандай, шымкенттік спортшының таңдауы Instagram желісінде аса танымал биші Ақжан есімді аруға түскен. Сұлтан Заурбек сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты 20 ақпан күні жасаған болатын.

Санаулы күндерде боксшының жанұясы құдаларының алдынан өтіп, қалыңдықтың сырғасын тағып тастаған. Сонымен қатар, олар болашақ келіндерінің қалыңмалына үш миллион теңге бергені белгілі болды. Бұл туралы тұрмысқа шыққалы жатқан арудың өзі желіде жария етті. Ол қайынжұртының қомақты қаржыны табыстап жатқан сәтімен бөлісіп, ғаламтор кеңістігін шулатты.

Желі қолданушылары қалыңдықтың жүктеген видеосын бірден қызу талқыға салып, қалыңмалдың көлеміне қатысты тұрлі пікір білдіріп жатты. Бірі бұл сомманы тым көп деп есептесе, енді бірі бойжеткен оған толығымен лайықты деп топшылады.

"Үш миллион? Жараған екен", "Қалыңмал қашан үш миллион болып кеткен?" , "Жігіт болса, осындай болсын" , "Не керегі бар осыншама көп беріп" , "Үш миллионға бес әйел алуға болады" , "Жігіттердің төресі" , - деп жазуда көпшілік.

image.png

14 шаһар қала мәртбесінен айырылады
Дәурен Абаев: «Митинг заңды түрде, айқай-шусыз өтуі қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу