Евро-2020 чемпионаты өтпей қалуы мүмкін

Oinet.kz 26-02-2020 916

Футболдан Евро-2020 чемпионаты өтпей қалуы мүмкін. Оған себеп Қытайда өршіп жатқан коронавирус инфекциясы. Бұл туралы Rai Radio 1 Sport эфирінде УЕФА вице-президенті Мишель Ува мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz  порталына сілтеме берген Oinet.kz.

c9719d95108d9e87f8f06b772c1d5.jpg

- "Қазір біз әрбір елдегі жағдайды бағамдап, байқап отырмыз. Футбол жекелеген мемлекеттердегі жағдайды ескеруі тиіс. Еуропа чемпионатынан бас тартпауға тырысып көреміз, бірақ егер жағдай нашарлап бара жатса – спорттық шараны тоқтата тұрамыз", деді ол.

Евро-2020 турнирінің бірнеше матчы Римде өтуі тиіс болған. Ал Италияда қазір коронавирустан алты адам қайтыс болып, 200-ден астам адам жұқтырды. Елде төтенше жағдай жарияланған.

Мұның алдында Италия А-сериясының 25-ші турында ойналуы тиіс болған "Интер" – "Сампдория", "Аталанта" – "Сассуоло", "Верона" – "Кальяри" және "Торино" – "Парма" матчтары кейінге қалдырылған.

Елбасы Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді
Қолына папка ұстаған алаяқтардан сақ болыңыздар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу