Шымкентте 8 елді мекен суды тасып ішеді
Шымкент қаласында 8 елді мекен суды тасып ішеді. Мұндай мәліметті бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халыққа берген есебінде айтты.
Әкімнің айтуынша, мегаполистегі коммуналық саладағы проблемалар халық санының тез өсуінен және қалаға жаңадан 42 елді мекеннің қосылуынан туындап отыр. Биыл 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп, 140 мың халқы бар 8 елді мекендегі ауыз су мәселесі толық шешілмек.
-Былтыр қалаға 300 автобус келді. Ал биыл 590 автобус әкелуді жоспарлап отырмыз. Қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі енгізіледі,-деді әкім.
Сонымен бірге әкім құрылысы 2016 жылы бітуі тиіс «Бозарық» подстанциясының құрылысы биыл аяқталады деп сендірді.