Бақытжан Сағынтаев оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын өз бақылауына алды

Oinet.kz 13-02-2020 845

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы оқушылардың өліміне қатысты тергеу барысын өз бақылауына алды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

3a02828c-8186-41c6-a4c5-336a74aa5046.jpg

Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты. Өкінішке орай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты.

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Осыған дейін қала әкімі Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылғанын жазды. 

"Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын", - деп хабарлады қала әкімі.

Сағынтаев балалардың мұзы жұқа су айдынында қайтыс болғанын айтты.

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды", - деді ол.

Өзбекстан Қазақстаннан өз студенттерін қайтаруда
Мысыр елі үшін басты қауіп халық санының артуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу