Өзбекстан Қазақстаннан өз студенттерін қайтаруда
Өзбекстан билігі көрші ел оқу орындарында оқитын студенттерін отандарына қайтаруда. Әңгіме Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жоғары оқу орындары туралы болып отыр. Ресми Ташкент өз шешімінің себебін түсіндірмеген. Қазақстанның оңтүстігіндегі Өзбекстанмен шекараға жақын орналасқан Шымкент қаласындағы студенттер өздерінің жоғары оқу орындарына ауысу үшін қажетті құжаттарын рәсімдеуде.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтің жарлығымен осы елдің Тәжікстан педагогикалық университетінде оқып жатқан студенттері құжаттарын қайтып алып, Өзбекстанда білімдерін жалғастыра алады.
Тәжікстан университетіндегі дереккөзі Өзбекстанның Тәжікстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан студенттерін елге қайтаруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Осы дереккөзінің мәліметі бойынша Өзбекстанның екі мың бес жүз студенті өз елінің университеттеріне ауысу үшін қажет барлық құжатты ала алатынын мәлім етті.
Өзбекстанның Жоғары және орта кәсіптік білім министрлігінің өкілі бұл хабарды растады.
Өзбекстанның аталмыш министрлігі сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанда оқып жатқан студенттеріне ешбір емтихансыз Өзбекстан университеттеріне ауыса алатыны туралы ұсыныс жасаған.
Мәліметте бұл шешімнің корона вирусының таралу қаупіне қатысы жоқтығы баса айтылған. Себебі Өзбекстан үкіметінің шешімі өз азаматтарын халықаралық стандарттарға сай, беделді рейтингтерден орын алатын университеттерде оқыту бағдарламалары негізінде қабылданған.