Жаңа әкім Қордайдағы жағдай туралы айтты

Oinet.kz 11-02-2020 1132

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы қақтығыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz

berdibek.jpg

"Бүгінде жалпы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатыр. Бес күнде 178 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 19-ы - полиция қызметкерлері. Өкінішке қарай, 10 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан көңіл айтып жатыр", - деді жаңа әкім үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 33 адам ауруханада жатыр.

"Қордай ауруханасында - 13 адам, Алматыда 20 адам. Қырғызстандағы ауруханаларда жатқандар Алматы мен Таразға ауыстырылды. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қордайға Алматыдан мықты, танымал дәрігерлер келді", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Сапарбаев 10 ақпаннан бастап барлық мектеп пен балабақшаның әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

"Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар үйлер мен сауда орындарын салуға жұмылады. Бизнесмендермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар көмек көрсетуге дайын, барлық мүмкіндікті пайдаланымыз. Жалпы жағдай бақылауда. Барлығы дұрысталады деп ойлаймын", - деді жаңа әкім.

Еске салайық, кеше, 10 ақпанда Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалғаны хабарланған еді.

«Серік голованың» Масанчидегі оқиғаға не қатысы бар?
Қытайдан тағы 217 қазақстандық жеткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу