Қордай ауданының тұрғындары Қырғызстаннан оралып жатыр

Oinet.kz 09-02-2020 1350

Қордай ауданының тұрғындары Қырғызстаннан оралып жатыр, деп хабарлайды BaigeNews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Қордайдағы төбеліс.jpeg

Ауқаттыдағы шекара өткізу пунктіне ондаған қазақстандықтар жиналды. Олар үйлеріне қайтуға шешім қабылдаған. Көпшілігінің ешқандай жүктері жоқ, тек қолдарына кішкентай пакет ұстаған. Соған қарамастан тұрғындар басым көпшілігі аяқ астынан жолға жиналып заттарын алуға үлгермеген. Одан бөлек, жағдай тұрақтанған кезде адамдар туған ауылдарына қайтып ораламыз деп үміттенген.

Көрші республикамен шекарада вице-премьер Бердібек Сапарбаев қайтып оралып жатқан адамдармен кездесті.

Сіздерден арандатушылыққа ермеулеріңізді сұраймыз. Бұрынғыдай бұл жерде қалыпты өмір сүрулеріңізге жағдай жасаймыз. Қираған үйлердің барлығын қалпына келтіреміз, отбасыларға көмектесеміз. Біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, енді келтірілген шығындар анықтайды. Тағы да баршаларыңызға айтарымыз, Қырғызстанға кетіп қалған туыстарыңызды қайтарыңыздар.Бәрі жақсы болады, – деді Сапарбаев Ауқатты өткізу пунктіне жиналғандарға.

Олар вице-премьердің сөзіне ризашылықтарын білдірді.

Еске сала кетейік, 7 ақпандағы тәртіпсіздіктен кейін шекаралас ауылдардың тұрғындары Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған.  9 ақпанда қазақстандықтар жеңілдетілген режиммен орала бастады. Өткен тәулік ішінде Қазақстан шекарасынан жеті мың адам өткен.

Қордайдағы қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың саны 9-ға жетті
Қордайдағы қақтығыс. Сапарбаев барлық шығын қалпына келтірілетінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу