Қордайдағы төбелес. 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алды
7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
7 ақпан күні кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облысының полиция департаментіне Қордай ауданының Масанчи ауылында 70-ден астам адам төбесіп жатыр деген ақпарат келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Сол жерде болған адамдар әлеуметтік желі арқылы видеоға түсіріп таратқан. Соның салдарынан көрші ауылдардан 300-ден астам адам төбелеске қосылып кеткен. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, қару қолданған. Нәтижесінде 8 адам қаза тапты, 40-тан астам адам жарақат алды, - дейді Ерлан Тұрғымбаев.