Жапониядағы кемеде тағы 10 адам коронавирус жұқтырған

Oinet.kz 06-02-2020 1101

Круиз кемесіндегі тағы 10 адамнан коронавирус анықталды. Дүйсенбіден бері карантинде болған Жапонияның префектурасындағы Канагавада рейдте тұрған круиз кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Diamond Princess круизінде болған жолаушылардың бірінен коронавирус анықталғаннан кейін дүйсенбіден бастап Жапонияның Йогокама портында карантин жарияланды. 

Кеме Йокогамадан 20 қаңтар күні Кагосима – Гонконг – Окинава бағытымен шыққан және дүйсенбі Йокогамаға қайтып келу керек болған.

Алайда жолаушылардың бірінен – Гонконгтың  80 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды. Дүйсенбі күні бірнеше жолаушы өздерін әлсіз сезінген. Содан соң Жапония билігі кемені рейдке қойып, ішіндегі 3700 жолаушы мен экипаж мүшелерін тексеруге шешім шығарды.

Әлия Назарбаеваның экс-күйеуі қайтыс болды
Шетелдік ғалымдар дәріс оқуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу