Қызылордалық педагог математикалық сайт жасап шығарды

Oinet.kz 05-02-2020 1121

Қызылордалық педагог Мұхтар Бейгайдаров математикалық сайт жасап шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

13b28e2dbdd855ecc5c68763af380dac.jpg

Небәрі 30 күн ішінде жүйеде 23 мыңнан астам қолдаушы тіркелген. Жоба авторы сайтқа қазақ тіліндегі оқулықтар мен ғылыми мақалаларды жүктеген.

Мұхтар Бегайдаров қызылордалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі. Ол елімізде математика пәніне арналған қазақ тіліндегі алғашқы сайттың авторы. Жүйені пайдаланушылар ғылыми материалдардың қолжетімділігі мен мазмұнына, сапасына жоғары баға берген.

Автордың айтуынша, сайтты ашу идеясының пайда болғанына біраз уақыт болған. Ол математикалық оқулықтардың электрондық форматын жинастырып жүрген. Сайтқа 600-дан артық математикалық әдебиет, бейнежазба түріндегі оқулықтар, ғылыми мақалалар орналастырылған.

8e784dfcdb1fd94f0953a16e7f043af2.jpg

«Жобаны "NISmath" деп атадым. Сайт ашу жұмыстарын 2018 жылы бастаған болатынмын. Мектеп түлегі Арман Әлішер логотип жасауда қол ұшын берді. Оның мобильді нұсқасын жасауды Нұрбол Бижігіт есімді шәкіртім өз жауапкершілігіне алды. Осылай сайт жасап шығардық», – дейді педагог.

Соңғы айда сайтты белсенді қолданушылар саны 23 мың адамнан асқан. Автор оны елімізде қазақтілді сайттардың тапшылығымен байланыстарады.

«Мен Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің бірінде жұмыс істеймін. Сайтқа оңай тіркеліп, керегіңді аласың. Барлық материалдар тегін. Қарапайым қолдаушы үшін бұл аса маңызды. Сабағымда интертен-ресурстың түрлі қосымшасын пайдаланамын», - дейді Жазира Балаби.

Сайтты мұғалімдер ғана емес, оқушылар да белсенді пайдаланып жүргенін атап өтуге болады. Мұхтар Талғатұлының еңбегін сарапшылар да жоғары бағалаған. Ол өз жобасын педагогикалық идеялар фестивалінде қорғаған. Байқау қорытындысы бойынша «nismath.org» сайты үздік бағаға ие болған.

Ғалымдар әлемдегі ең сымбатты ер адамды анықтады
Енді Instagram-да лотерея өткізетін әнші-әртістер жауапқа тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу