Ақтаудағы баланың құпия өлімі

Oinet.kz 04-02-2020 1245

Дәрігерлер: "Дене қызуы жоғары болған"

Оқушы Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді. Алайда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жедел жәрдем көлігі

Ақтауда 2-сынып оқушысы белгісіз дерттен көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, сегіз жасар баланың дене қызуы көтерілген. Бірнеше сағаттан соң жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Мамандар менингококк инфекциясы деген болжам жасап отыр. Алайда бала өлімінің нақты себебі белгісіз, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Көз жұмған оқушы жүздеген баламен қарым-қатынаста болған. Сондықтан олардың бәрі тексеріліп жатыр.

Алдымен дәрігерлер жедел респираторлық- вирустық инфекция деп арнайы дәрі жазып берген. Алайда бірер сағаттан соң бала Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

"Бұл менингококк инфекциясы. Бала ауруханаға өте ауыр халде жеткізілді. Антисептикалық жағдай, 2-3 дәрежедегі шок болды. ДВС синдромы болды. Яғни қанды тоқтату қиын еді", -деді Маңғыстау облысы балалар инфекциялық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ирина Карякина.

Трагедияның нақты себебі арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Бұған дейін ауруханаға дәл осы белгілермен екі жасар сәби түскен. Дәрігерлер баланы аман алып қалды.


Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін
Қытайда коронавирустан 425 адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу