Елде таяу күндерде аномальды жылу келе жатыр

Oinet.kz 03-02-2020 1233

Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында қайта жауын-шашын жаңбыр, жылбысқы қар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар, бұрқасынмен күшті екпінді жел және көктайғақ туғызады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

image.png

Жылы ауа массалары ауа температурасының оңтүстік пен батысында айтарлықтай жоғарылауын тудырды, ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күндізгі температура минус 5…плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С, қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары күтіледі.

Қазақстан коронавирусты анықтайтын препараттар алды
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының әкімдерінің жалақысы қанша?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу