Павлодар облысында бір отбасы газдан уланып қалды

Oinet.kz 30-01-2020 1002

Газдан уланған 6 адамның екеуі аудандық емханаға жатқызылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz

жедел жәрдем.jpg

«Отбасы тұратын үйде электр желісі үзіліп қалған. Ал пештерінің жұмыс жасауы үшін тоқ керек. 

Сол себепті дизельді генераторынан шыққан газдан уланған», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының ТЖД басшысының орынбасары Алексей Двинянин Май ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Байболат Қазыбекұлы газдан уланғандардың жағдайын айтты. 

«Абай ауылындағы отбасының газдан улануы салдарынан 6 адам ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Алты адамның екеуі – бала. Екі әйел адам өздерін жайсыз сезінгендіктен ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайлары жақсы. Алдағы күндері бақылаудан кейін үйлеріне қайтады», - деді Байболат Қазыбекұлы.


Қазақстанда коронавирустан қорғануға 1,5 миллиард теңге бөлінді
Мемлекеттік қызметкерлер «дипломмен ауылға» баруы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу