Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қостанайда бір отбасы болып, қыздарды жезөкшелікке салған азаматтар құрықталды. Қылмыстық топтың мүшесі болғандардың барлығы туыстар болып шыққан. 5 ер азамат пен бір әйел тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздарды өздерінің құрбандарына айналдырып отырған. Ал көнбеген жағдайда бойжеткендерді соғып, қатал түрде жазалаған, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Отбасы түнгі көбелектер бизнесін құруды 7 жыл бұрын ойластырып шешіпті. Қылмыстық топтың басшылығын Денис Шахмаев есімді азамат өз қолына алды. Олар өздерінің құрбандарымен әлеуметтік желі арқылы танысып, бойжеткендерді мейрамханаға шақырған. Кейіннен сауық кешін үйде жалғастырайық деп көндіріп отырған. Үйге келгенде бойжеткендерді жезөкшелікпен айналысуға үгіттепті: түскен ақшаны екіге бөліп аламыз деп айтқан. Бірақ та қыздар көнбеген жағдайда оларды ұрып соғып, үйде қамап ұстап, қылмыстық бизнеске күштеп салған.
Сот барысында кәмелетке толмаған қыз балалардың іске қатысы бар екендігі анықталған. Сол себепті сот жабық күйде өткен. Қылмыстық іс бойынша 20 факті анықталған. Қылмыстық топқа мүше болғандардың барлығы қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесіне 14-15 жылдарға қамалды.
"Ұрып-соғып, бопсалап және басқа да қысым көрсете отырып олар жәбірленушілерді күштеп жезөкшелікке салған. Кейбіреулері қашып кетпекші болған. Бірақ ол үшін қатаң түрде жазаланған", деді судья Жасұлан Әсілбеков.
Видеоға сілтеме.