М.Әйтенов: Білім басқармасының басшысы бір айда тағайындалады

Oinet.kz 29-01-2020 798

 murat-ajtenov-1.jpg

Үшінші мегаполисте қалалық білім басқармасының басшысы  бір айдың көлемінде тағайындалады. Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов осы аптада журналистермен болған кездесу барысында осылай деді. 

  Естеріңізде болса, Шымкенттің бас мұғалімінің креслосы былтырғы наурыздан бері бос тұр. Соңғы рет бұл қызметті Ақерке Абылайхан атқарды. Ол орнынан босағалы бір жылға жуықтады. Мегаполистің бас мұғалімі әлі тағайындалған жоқ. Басшысыз мекемеде соңғы бір жылдың көлемінде екі орынбасар парамен ұсталып сотталды. Мекемеде басшысынан бөлек орынбасардың да орынтағы бос. Бұл мегаполистегі оқу процесіне, ұстаздардың жұмысына, мектеп өміріне тікелей әсер етпейді деп ешкім айта алмайды. Бізде барлық мәселенің бірінші басшы арқылы шешілетіні жасырын емес. 

  Әйтеновтың айтуынша, қазіргі уақытта білім басқармасы басшысының орнына конкурс өтіп жатыр. 

-Басшы бір айдың көлемінде тағайындалатын болады,-қала әкімі.

 Кездесуде атышулы Тоқтар Төлешовтың иелігінен шығып, мемлекетке қайтарылған Фосфоршылар мәдениет сарайы да айтылды. Қазір елдің аузында М.Әйтеновтың осы ғимаратты мемлекетке сатып алып, ол жерден әл-Фараби орталығын ашу жөнінде бастама көтергені туралы әңгіме бар. Журналистер әкімнен  осы әңгіменің анық-қанығын сұраған болатын. Алайда Әйтенов бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайтынын, бастаманың нақты қай уақытта жүзеге асатынын айта алмайтынын жеткізді. 


Елімізде 35°С-қа дейін аяз болады
Коронавирус Біріккен Араб Әмірліктеріне жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу