Әйтеновтың әлеуметтік желіге жауап жазуға уақыты жоқ

Oinet.kz 28-01-2020 785

83044412_1354583184721308_500582643121782784_n.jpg

 22 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке ресми іс-сапармен келіп, «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы» жобасының ашылуына қатысады. Мұны үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Әйтенов бүгін журналистермен өткен кездесуде айтты. Әкім жуырда президенттің қабылдауында болған кезде Тоқаевты осы ашылу салтанатына арнайы шақырғанын мәлім етті. 

Мегаполистегі ақпарат құралдары өкілдерімен арадағы әңгіме  бір жарым сағатқа созылды. Төртінші билік өкілдері өздерінің көкейінде жүрген ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қазақстан журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғ.Елшібай мәдени астана жобасы аясында Шымкентте ТМД елдері журналистерінің форумын өткізу туралы ұсыныс білдірді.  Ал белгілі журналист Әсет Әссанди әкімнен қаладағы балалар темір жолының жай-күйіне назар аударуды сұранды. Кездесуде қаладағы коммуналдық мәселелерді көтерген журналистер де болды. Әкім 14 ақпанда халықтың алдында есеп беретінін, осы жиында коммуналдық мәселелерге қатысты көп сұрақтарға жауап беретінін жеткізді. 

Жиында Әйтенов әлеуметтік желілерде жазылып жатқан сындарға жауап жазып отыруға уақытының жоқ екендігін де білдірді. 



Сарапшы коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін айтты
Коронавируске қарсы вакцина ойлап табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу