Шымкентте «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы өтті
Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйымдастыруымен «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы өтті. Мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қуаныш сыйлап, қамқорлық таныту. Сондай-ақ қоғам белсенділерін, кәсіпкерлер мен халық қалаулыларын және танымал өнер азаматтары мен көмек қолын созуға ниетті барша жандарды қайырымдылыққа атсалысуға шақырып, үндеу жолдау. Көп болып игілікті іске атсалысуды кеңінен насихаттау.
Ел Президент Қ.Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Осы мақсатта Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыруды қолға алды. Алғашқы көмекке мұқтаж 50 жанұяға азық-түлік себеттері таратылды. Нақтырағы: тұрмыстық көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, гречка, шай, печенье, тәттілер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілердің көмегімен киім-кешек берілді.
Айта өтейік, алғашқы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясына атсалысқандар қатарында кәсіпкерлер, ерікті жастар, қалалық жастар мәслихатының мүшелері мен танымал өнер жұлдыздары бар. Олардың қатарында: Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы - Ж.Қалтаев, Жастар ресурстық орталығының басшысы - Б.Молдабеков, «Bal Tekstil» кілем фабрикасының құрылтайшысы - Бағдат Талғатұлы, Х-фактор ән байқауының жеңімпазы - Астана Қарғабай, Бағлан Жолдасов - әнші, актер, Зарина Нұржанова - вайнер, жастар мәслиxатының депупат, Ақтолқын Бұxарбай - Жастар мәслиxатының депутаты, Жұлдыз Намаз - "The voice Kz" ән байқауының финалисті және «Sulu models» модельдік агенттігі өкілдері мен ерікті жастар атсалысты.
«Үнемі қайырымдылық акцияларына атсалысуға тырысамын.Себебі, жақсылық жасау жас таңдамайды. Жүректегі мейірімді іс-әрекетіміз арқылы көрсете білуіміз қажет, -деп ойлаймын. Шымкенттік ерікті жастардың бастамасына барша ниетті азаматтарды қолдау білдіруге шақырып, кәсіпкерлер, танымал өнер азаматтары мен белсенділерге атсалысуға қолдау білдіруге байланысты үндеу жолдаймын»,- дейді вайнер, жастар мәслихатының депутаты Зарина Нұржанова.
Алдағы уақытта «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Игі іске атсалысуға ниетті азаматтар толық ақпаратты Жастар ресурстық орталығының арнайы өкілінен біле алады. (Жазира 8777 346 77 30/8700 954 29 97)
Баршамыз «Жанға жылу» сыйлауға асығайық!