Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсібін ашқан. Бұл туралы аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов Жастар ресурстық орталығында өткен қорытынды есептік жиында айтып өтті. Оның айтуынша, әлеуметтік көмек алған 760 отбасы тігін цехын ашса, 550 жанұя кондитерлік өнім шығаруды қолға алған. Ал, 743 отбасы мал шаруашылығымен айналысса, 128-і сұлулық салоны, 68 отбасы ағаш өңдейтін цех пен егін шауашылығымен айналысуда.
Қорытынды есептік жиынға қала әкімі Е.Айтаханов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б.Батаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Өткен жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы үй басқарушыларымен өтетін ай сайынғы жиын жəне аптаның əр күні таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында тұрғындарды қабылдау жүйеге қойылғанын айтты. 2019 жылғы жоспар аясында аудан аумағындағы бірқатар жұмыс толық орындалса, үйлердің ауласына ойын алаңшалары мен спорттық сауықтыру элементтерін орнату жоспары орындалған.
Бүгінде, Әл-Фараби ауданында 218 865 тұрғын, 14 елдімекен бар. Қала орталығында орналасқандықтан, мұнда халыққа күнделікті қажет инфрақұрылым мәселесі шешілген деуге болады. Дегенмен, кездесуге келген тұрғындар аудан әкіміне қала ішіндегі көлік қозғалысы, ретсіз сауда, ойын алаңшаларының жоғы, автотұрақтардың талаптарға сай емес екенін айтып өтті.