Су тасқынынан қанша адам қаза тапты?
Су – тіршілік нәрі. Бірақ тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған осынау мөлдір сұйықтық көп қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электр энергиясының көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие. Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.
Енді өзіміз тұтынып жүрген түрлі тағамдар құрамында кездесетін суға тоқталайын. Асқан еттің құрамында 40 пайызға, қуырған жұмыртқада 70 пайызға жуық, көкөніс салатында 80 пайыз су бар. Қою тамақпен және нанмен бірге адам ағзасына 0,7-1 литр су барады. Демек, күніне 4-5 стақан ғана «еркін» су ішсе, адам ағзасына жетіп жатыр. Бірақ ішкенде де кез келген суды іше бермей, тазалығына, құрамына мән беру қажет. Себебі табиғи, таза су ғана адамға ем болады, қуат береді. Мұндай суды үй жағдайында дайындап алу да қиын емес. Кәдімгі крандағы суды мұздатқышта қатырса, ол әдемі кристалдарға ие болады, яғни құрамы табиғи қалпына келеді. Әр қайталаған сайын суды шайқап отырса, судың энергиясы арта түседі.
Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе, мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады. Мұны тіптен біраз жыл бұрын ирандық дәрігер Батмангхалиж зерттеп, аурулардың көбі денедегі су тапшылығынан болатынын дәлелдеп берген.
Өкініштісі, біз табиғаттың тегін тарту етіп жатқан байлығына немқұрайлы қараймыз. Ортаның ластануы су құрылымын өзгертетіндіктен өмірімізге теріс әсер етеді. Ғалымдардың айтуына жүгінсек, қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен судың құрамы өзгермесе де, құрылымы өзгереді. Суды ластау үшін міндетті түрде химиялық қоспалардың төгілуі қажет емес. Судағы ағзалардың тіршілігін күрт өзгерту үшін оның құрылымына әсер ету де жетіп жатыр. Адам өзінің бұзық ойлары, сөздері және іс-әрекеттерімен өзін ғана емес, өте аз суы бар қоршаған ортаны да улай алады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1973-1982 жылдар арасында 1500 су тасқыны болса, 1983-1992 жылдары мұндай 3500 оқиға тіркелген. Ал 1993-2002 жылдары 6000-ға жеткен. 2004 жылдың желтоқсан айында болған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы су тасқынының салдарынан 220 мың адам із-түзсіз жоғалды. 2005 жылдың қазан айындағы Еуропада судың көтерілуінен 200 мың адам қаза болды. Соңғы 30 жылда табиғи су апатынан 4 млн. адам көз жұмса, 4 млрд. адам зардап шеккен. Осыған ғылыми түсініктеме жасаған ғалымдар мұны қоршаған ортаның энергомәліметтік ластануына судың жауап қайтаруы дейді.
Қазақ даналығында тамаша сөз бар, «Судың да сұрауы бар» деген. Олай болса, әлем құндылығы суды ластамау, ысырап етпеу, қажетті деңгейде көңіл аудару – бүгінгі маңызды мәселелердің бірі.
Ш.АЙБОТАЕВА,
Абай аудандық ҚДСБ бас маманы, Шымкент қаласы