Тоқаев: «Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды»

Oinet.kz 12-01-2020 956

Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Картинки по запросу Тоқаев

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек»,-деп жазды Мемлекет басшысы. 

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы мәлім болды. Артынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұшақта Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады. Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталды. Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялады.


Иран Тегеран түбінде апатқа ұшыраған Boeing ұшағын байқаусызда атып түсірген
Түркістан: Облыста «Бақытты отбасы» бағдарламасы жандана түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу