Жақында босанған отандық танымал әнші қызына елде жоқ ат қойды

Oinet.kz 25-12-2019 8937

«Асыл» тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Ғалия Мұратова екінші перзентін дүниеге әкелді. Және жаа туылған сәбиеге ерекше есім берген. Бұл туралы оның әріптесі Ақерке Бүркітбай өзінің Instagram желісінде жазған. 

image.png

Жас ата-ана екінші перзентіне Лейлана деген аса ерекше ат қойған. Анасы мен қызын перзентханадан шығарып алуға әншінің жолдасы Ален Самыкенов, құрбысы Ақерке Бүркітбай мен досы Батыржан Тазабеков келген. 

Ғалиямен бір топта ән салған Ақерке Бүркітбай оны перзентханадан шығарып алуға барғанына қарамастан, жас ата-ананы Instagram желісінде де құттықтап өтуді жөн көрген.

image.png

"Кішкентай бөпе өмірдің жалғасы. Ата-атасының қуанышы нәзік балапан Лейлананы бүгін перзентханадан шығардық. Қуанышта шек жоқ, толқып алдық кішкене. өпетай аман есен бойжетіп, сендерді, ата-әжесін тек жақсылығымен қуантсын" , - деп жазды ол.

Ғалия Мұратованың өзі жде Instagram парақшасында бөлііп үлгерген. Ол жолдасы екеуі екінші мәрте ата-ана болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

"Осы құраммен перзентханадан шықтық. Барлық дәрігерлер мен медбикелерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Әсіресе, Салтанат Темірбекқызына рахмет айтамын. Сіз бұл әлемде біздің балапандарымызды бірінші күтіп алатын жансыз. Сізбен босану сондай оп-оңай көрінеді. Мен осымен екінші рет сіздің қатысуыңызбен босандым. Сіздің қарым-қатынасыңыз бен ерен еңбегіңіз біз үшін аса құнды дүние деп білемін" , - деп жазды Ғалия Мұратова.

Президенттік жастар кадр резервіне енген 300 қазақстандық анықталды
2020 жылдан бастап елімізде ипотека мәселесіне өзгерістер енеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу