Вакцинация салдырмағандар қажылыққа бара алмайды
Республика бойынша вакцинациядан бас тартатын азаматтардың басым бөлігі өз шешімдерін діни көзқараспен байланыстырады, деп хабарлайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, вакцинациядан бас тартатындардың жартысы діни ұстанымның себеп болғанын ашық айтса, қалғаны «жеке шешімім» деп, құтыла салады.
– Алайда «жеке пікірді» ұстанатындардың көбісі сол діни көзқарасқа байланысты вакцинациядан бас тартып жатады. Негізі, мұсылман елдерінде де вакцинацияны талап етеді. Мәселен, бүгінде Меккеге қажылыққа баратындардан вакцинация туралы анықтаманы сұрайды. Сауд Арабиясының биілігі кем дегенде екі инфекция – пневмококк пен менингококктарға қарсы вакцинаның болғанын талап етеді, – деді Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп журналистерге берген сұxбатында.
Оның айтуынша, xалық арасында вакцинацияға қатысты түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады. Соның арқасында 12 мың адамның ішінде 1500 адам өз шешімін өзгертіп вакцинациядан өтті.