Назарбаев Нобель сыйлығын ала ма?

Oinet.kz 05-10-2017 1293

Нобель сыйлығы сайтында физика және химия сыйлығының иегерлері сейсенбіде және сәйкесінше сәрсенбіде жарияланды, ал 6 қазанда Ослода әлем сыйлығы лауреатының есімі аталады. «Швеция банкі бекіткен Экономика бойынша Альфред Нобельді еске алу сыйлығының жаңа иегері 9 қазанда Стокгольмде белгілі болады. Шведтік академия әлі күнге дейін әдебиет саласындағы сыйлық иегерінің есімі аталатын күнді белгілеген жоқ, оның есімі әдеттегідей соңғы болып аталады», - делінген хабарда.  

Screenshot_20.jpg

Биыл Нобель қоры директорларының кеңесі сыйлық көлемін 9 млн шведтік кронға дейін өсірді, яғни  1 млн. АҚШ долларына жетіп отыр.  Айта кетелік, 2011 жылы «қолайсыз экономикалық жағдайға» байланысты сыйлық көлемі 10 млн шведтік кроннан 8 млн кронға дейін қысқарған болатын.  1901 жылдан бастап  жыл сайын беріліп келе жатқан сыйлық иегерлерін 5 бағыт бойынша  - физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілік ісі саласына барынша көп еңбегі сіңгендер арасында Швеция ғылым академиясының корольдігі, Каролина институты, Норвегия парламенті мен Швеция академиясы анықтайды. 

Жуырда Мемлекет басшысымен бірге оқып, бүгінде «Елбасы курстастары» қорын басқарып отырған Тельман Спаев есімді ақсақал Qamshy.kz агенттігіне берген сұхбатында Назарбаевтың есімі әуежайдан гөрі Нобель сыйлығына лайық екенін айтыпты. Курстасының көптеген ерекше қасиеттеріне тоқталған Т.Спаев  Президенттік қызметінде де бүкіл Қазақстанның жақсы ғұмыр кешуіне, болашағына күш салып жатқанын айтады. «Біз бір жылдары Елбасының еңбегін ескеріп, Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтергенбіз. Өткенде депутаттар Елбасының атын әуежайға беру туралы бастама көтергенін білеміз. Мен бұған шыны керек намыстандым. Әуежай, вокзал деген ол қаланың кіретін, шығатын есігі ғой. Елбасының атын есіктің аузына қойғанымыз дұрыс па? Осыған наразы болдым", - дейді Тельман Спаев. 

Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Елбасы  Н.Назарбаевты биыл Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтерілгенін естімедік. Бәлкім курстастары көпшілікке ой тастағысы келген болар. Айта кетелік, сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.

«Жасырын тұтынушы» біраз кемшіліктің бетін ашып берді
М. Әуезов атындағы ОҚМУ келісім шартқа қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу