Кентауда кемшілік көп
12-04-2023
«Үміт» қоғамдық бірлестігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаменті тарапынан 2017 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметті алушыларға жағдайлар жасау, қоғам тарапынан қадағалауды күшейтуге бағытталған.
Іш-шараны жүргізу барысында мемлекеттік қызметті берушілер тарапынан бірқатар кемшіліктердің жіберілгендігі анықталды.
Атап айтқанда, «Жасырын тұтынушы» әдісі облысымыздағы білім, денсаулық, ішкі істер, мемлекеттік кірістер, кеден салаларында мемлекеттік қызмет көрсететін 65 мекемеде жүргізіліп, 67 кемшілік анықталды.
Оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды толық және түсінікті етіп берілмеуі, қызмет көрсетуде анық және нақты ақпараттардың болмауы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың стандарт талаптарына сәйкес келмеуі, қызмет алушы мен қызмет берушілер арасында делдалдардың болуы, қызмет алушылар үшін жағдайлардың болмауы, күту залының тарлығы, күтушілер үшін орындықтардың жетіспеуі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандардың біліктілігінің төмендігі және тағы басқа да кемшіліктердің орын алғаны анықталды.
Орын алған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге 48 ұсынымы бар хаттар жолданды және 12 түсіндірме семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, нәтижесінде кемшіліктер қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқығыңыз бұзылған болса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментіне (Шымкент қаласы Тауке-хан даңғылы №3 үй, байланыс телефоны 515151, 536329) шағымдана алатындарыңызға болады.
Дархан Суртеков,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.