Ақтоты Райымқұлова: «Допинг дауларына байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр»

Oinet.kz 21-11-2019 1099

Қазақстан құрамасының 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарындағы лицензияларына қатысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу Ақтоты Райымқұлова

Сенат отырысы барысында Ақтоты Райымқұлова олимпиада ойындарына лицензия алу мүмкіндігі 2020 жылдың шілдесіне дейін жалғасатынын айтты. 

«Ауыр атлетика жайлы айтқым келеді. Допинг даулары барлығын көрсетті. Бүгінде ауыр атлетикадан бізде екі ғана лицензия алу құқығымыз бар. Біреулері ерлер үшін, екіншісі әйелдер үшін. Өкінішке қарай, осылай», - деді министр Ақтоты Райымқұлова. 

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, Қазақстан былтыр 20 лицензияға дейін алды. 

«Допинг дауларына байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр. Биыл енді 10-12 лицензия алуды жоспарлап отырмыз», - деді министр Ақтоты Райымқұлова. 

Ал ең көп лизенцияны боксшылар алған екен.

Павлодарда 4 көлік отқа оранды
Танымал актриса Гавхар Шарипова дүниеден озды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу