Оралда азамат 60 джип жалдап әйелімен ажырасқанын тойлаған

Oinet.kz 18-11-2019 1493

Оралда 60 қымбат джип көліктерін жалдап, кортеж ұйымдастырған ер адамның не себепті олай істегені анықталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап. 

image.png

Сурет Мой город сайтынан алынды

Аягөзден Оралға жақында көшіп келген азамат осылайша өзінің әйелімен ажырасқандығын тойлаған көрінеді. Бірнеше күн бұрын ғана әйелі екеуі ажырасқан соң үйлерінен сатып, түскен ақшаны бөліп алған. Артынша бұл ақшаға ер азамат 60 жуық бағалы көлікті жалдап, саунаға бармақшы болған кезінде полиция қызметкелеріне ұсталыпты. Ескере кетерлік жайт, бір көлікті жалдау үшін ол  сағатына 15-20 мың теңге төлеген.

Тәртіп сақшыларына оқиға туралы хабар облыс әкімдігінен келіп түскен. Әкімдік қызметкерлерінің сөздерінше, ер азамат мекеме маңында бұл ісімен жол кептелісін туғызған.

Алматы қаласының әкімі: «Серік Күдебаевқа ескерту жасадым»
Қазақстандықтардың 2,15 млрд теңге өсімпұлы кешірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу