БҚО әкімі Есқалиев WhatsApp нөмірін жариялау арқылы халықпен жұмыс жасауда

Oinet.kz 12-11-2019 1214

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желілерге WhatsApp нөмірін жариялаған. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпара-қа сілтеме берген Oinet.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ватсап.jpg

«Аймақты дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерді есту мақсатында әлеуметтік желілерде WhatsApp нөмірімді жариялаған едім. Жариялаған кезде сұрақтардың 99 пайызы аймақ тұрғындарының жеке басына қатысты болатынын сезгем», - дейді Ғали Есқалиев. 

Ол WhatsApp-қа күніне 300 хабарлама келетінін айтты. 

«Бастапқыда күніне 250-300 сұрақ келетін болды. Қазіргі уақытта сұрақтар саны азайды. Жедел түрде болмаса да, 2-3 күнде бір рет WhatsApp-қа келген сұрақтарды бір саралап, тиісті органдарға мәселені шешу туралы тапсырма берем», - дейді облыс әкімі. 

Сондай-ақ, ол қала, облысты дамытуға қатысты ұсыныстар да келетінін жасырмады. 

«Бұл шешім қаншалықты нәтижелі екенін білмеймін, бірақ айтылған ұсыныстардың кейбірі жүзеге асуда. Қала, облыстың дамуы бойынша кәсіпкерлер де ұсыныс айтады», - дейді ол.

Алматы облысында граната сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Димаш «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингінде үздік ондыққа енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу