Көкшетауда 31 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап, мерт болды

Oinet.kz 05-11-2019 963

Screenshot_3.jpg

Көкшетауда жергілікті ЖШС-нің бірінде сығымдау цехында слесарь болып жұмыс істеген 31 жастағы азамат жұмыс орнында көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1988 жылы туған ер адам серіктестік аумағын аралап жүргенде рапс күнжарасын өткізуге арналған тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлап кетіп, сол жерде көз жұмған.

«Қазіргі кезде осы оқиға қатысты ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Қызылордалық Мадияр Серік Ресейдегі ән байқауында бас жүлде алды
Ақтөбеде жат ағымда жүргендер 57 қылмыс жасаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу