Елордада балық ішінен паразитті құрт табылды
Елордадағы дүкенде жарамдылық мерзімі көрсетілмеген балық өнімінен паразитті құрт табылды, деп хабарлады Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Елордада «Суюрова Л.Ф.» жеке кәсіпкерлігіне қарасты Гете, 1 Б мекенжайында орналасқан «Агидель» дүкенінде паразиттік көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін балық өнімі табылды. Шығарылған күні мен жарамды мерзімі көрсетілмеген Минтай атаулы белгісіз балық өнімінен Pseudoterranova құрт тұқымы табылды», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікке нұсқама берілді. Сондай-ақ, лабораториялық зерттеулер нәтижесінде 203 баптың 1 тармағына сәйкес 45 АЕК яғни 56812,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Комитет ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы заңның 6 бабына сәйкес тұтынушыларға тауар және олардың қызметі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, комитет сайтына жарияланатынын хабарлайды. Бұл жұмыс өз кезегінде тұтынушыларға дұрыс тауар таңдауына бағытталады және тауар өндірушілер мен сатушыларға да тиісті шаралар өткізіледі», - делінген хабарламада.