Асхат Аймағамбетов: «Балабақша бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз»
Балабақшадан ағылшын тілін алып тасталынады және тәрбиешілердің жалақысын көтеруді көзделіп отыр. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.
Білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.
"Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді министр.
Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.
Қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.