Шымкентте аллергияны қайда емдейміз?
Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. Денсаулығыма қауіп келеді деп ойламайды. Осы кезде оны қалай және қайда емдейміз деген сауал туындайды. Шымкентте аллергияны тек шымкент қалалық №2 ауруханысында ғана емдеуге болады. Онда керек десеніз қаланың штаттан тыс бас маман аллергологі да жұмыс жасайды. Шымкент қалалық №2 ауруханың Аллергология және пульмонолгоия бөлімшесі өз жұмысын 2000 жылдан бері жүргізіп келуде. Онда 47 жатын орнымен, 3 ақылы бөлмесі бар. Онымен қоса бөлімшеде 6-дәрігер жұмыс жасайды. Керек десеңіз кез-келген уақытта барып аллерголог пен пульмонолог дәрігерлерінің тегін ақыл-кеңесін ала-аласыз.