Менингит жұқтыру деңгейі 47 пайызға азайды
Қазақстанда менингит ауруына қатысты ахуалдың қандай екенін бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда бізде менингококк инфекциясын жұқтыру бойынша 50 жағдай тіркелді. Өткен жылы 83 еді. Яғни, бүгінгі күні менингит жұқтыру деңгейі 47 пайызға азайды», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Халыққа төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуына қарағанда, менингитке шалдығу жағдайы бақылауда.
«Қазақстан бойынша менингитке шалдығудың көпжылғы орташа деңгейі - 2,1 пайыз. Қазіргі уақытта орташа деңгей - 0,2 пайыз. Осыдан-ақ қазіргі уақытта менингит инфекциясын жұқтыру деңгейі қаншалықты азайғанын байқауға болады», - деді ол.