Абылайхан Құсайынов рингке қайта оралмақ

Oinet.kz 18-10-2019 864

Картинки по запросу абылайхан құсайынов

Жеңіліп көрмеген қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Калифорнияда жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Қазақстандық боксшы әйгілі американдық тәлімгер Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен, отандастары Мейірім Нұрсұлтановпен (12-0, 8 КО) және Жәнібек Әлімханұлымен (7-0, 3 КО) бірге жаттығып жатыр. Құсайыновтың рингке оралатын күні әзірге белгісіз.

Абылайхан Құсайынов соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізген еді. Ол кезде спортшы үшінші раундта армян спортшысы Гарник Харутюнянді (3-2, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді. 2018 жылғы күзге дейін Құсайынов Канадада Eye of the Tiger Management компаниясы ұранымен рингке шығып жүрді.


Алматыда 400 «Сергек» іске қосылады
27 жастағы боксшы жекпе-жектен соң көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу