Асқар Мамин Түркістанда республикалық акцияны бастады

Oinet.kz 03-10-2019 597


5d94a2f461b1e.jpeg


Асқар Мамин Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарын жеке қадағалауына алып, қасиетті қалаға апта аралап іс-сапармен келуде. Осы аптада премьер Түркістандағы бірқатар әлеуметтік, әкімшілік ғимараттарының құрылысын аралап, тиісті тапсырмалар берді. 

-Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен барды,-деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  

Премьер-Министр Түркістан қаласын жаңғыртудың 1-кезеңі аясындағы жұмыстар барысын тексерді, оның ішінде әкімшілік, әлеуметтік және тарихи-мәдени маңызы бар нысандар: әкімдік, басқармалар және департаменттер ғимараттарының, медиа орталықтың, «Нұр-Сұлтан» алаңының, Олимпиада реверві спорт мектебінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, музыка мектебінің, аттракциондары бар қала саябағының, неке қию сарайының, визит-орталықтың, Шығыс моншасының, амфитеатр мен қалалық Арбаттың құрылысын тексерді.

А. Мамин Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевпен және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевпен бірге Н. Оңдасынов атындағы аллеяға ағаш отырғызып, көшет отырғызу бойынша республикалық акцияны бастады.



«Жастар жылындағы» игі шаралар жалғасуда
Шәуілдірде күн қуат станциясы салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу